Франкфуртте Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде өзенге батып кеткен бомба табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Майндағы Франкфуртте сүңгуірлер екінші дүниежүзілік соғыс кезінде суға батып кеткен салмағы 50 келі бомбаны тапты. Бұл туралы Associated Press хабарлады.
Полиция деректеріне сәйкес, бомба қаланың көркем мұражайына жақын жерде, Хольбейнштег жүргіншілер көпірі жанында оқу-жаттығу өткізу барысында табылған. Оқыс оқиғадан кейін көпір жабылды.
8 қаңтарда бомбаны зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізген кезде шамамен 900-дей тұрғын үйлерінен эвакуацияланады.