Франсуа Олланд 2013 жылы Астанаға сапарлайды
Бұл туралы «Литер» газетіне Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан-Шарль Бертоне хабарлады.
«Алдағы жылы біздің президентіміздің Астанаға ресми сапарын күтудеміз. Франсуа Олланд өзінің алдын ала келісімін беріп үлгерді», - деп мәлімдеді Бертоне.
Ол сондай-ақ қыркүйек айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телефонмен әңгімелесу барысында Франция Президентін Астанаға сапар жасауға жеке шақырғанын еске салды. «Президент Олланд бұл шақыруды қуана қабылдады. Енді бұл сапардың нақты датасының аталуын күтудеміз», - деп қосып өтті дипломат.
Елшінің айтуынша, алдағы сапара аясында әңгіме халықаралық жағдай және нақты екі елге тікелей қатысы бар кейбір өңірлік проблемалар, мысалға, Ауғанстандағы жағдай жайында болмақ,. Белгілі болғандай, Франция өз әскерін бұл елден шығармақшы. «Сондай-ақ Еуроодақ және Қазақстан, сондай-ақ Франция және Қазақстан арасындағы қатынастарды одан әрі дамыту тақырыптары қозғалады», - деп қосты Бертоне.
Дипломат сондай-ақ Франция президентінің ауысуы бұған дейін Қазақстанмен жоғары деңгейде жасалған келісімдерге еш әсер етпейтіндігін атап өтті. Мәселен, Николя Саркозидің президент ретінде Астанаға жасаған соңғы сапары барысында кейінгі 20 жылда жасалған ең көп келісімге қол қойылды.
Елшінің айтуынша, жоғары деңгейде талқыланатын мәселелердің тағы бірі - екі астана арасында тікелей әуе бағытын ашу. Өйткені оның болмауы өзара байланыстардың дамуына қатты әсер етуде.