Франсуа Олланд 60 жасқа толатын күні үйленеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франсуа Олланд 60 жасқа толған күні Жюль Гайеге үйленбек. 12 тамызда Франция президентінің актрисамен үйлену тойы болады, деп хабарлайды Le Parisien.
Бұдан бұрын Франция мемлекетінің басшысы өз өмірі және алдағы некелесуі жайлы БАҚ-қа қандай да бір ақпарат беруден бас тартқан.
Жылдың басында «Closer» таблоиды Олландтың Гайемен құпия кездесуі жайында мәлімет жария еткен. Екі аптадан кейін Франция басшысы өзінің азаматтық әйелімен ажырасқан болатын.