Франсуа Олланд Эболаға шалдыққан науқастар жатқан ауруханаға барды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция президенті Франсуа Олланд Гвинеядағы Эбола дертіне шалдыққандар емделіп жатқан медициналық орталығына барды, деп хабарлады ВВС.

Франсуа Олланд Эболаға шалдыққан науқастар жатқан ауруханаға барды

Олланд Эбола індетінен зардап шеккен елге барған алғашқы мемлекет басшысы атанды. Франция Эбола дертімен күрес үшін 125 млн доллар бөлді.

«Ел тұрғындары Олландтың бұл қадамына ризашылық танытты», делігнен ВВС таратқан ақпаратта.