Франсуа Олланд Қазақстан Президентіне жолдаған xатында 25 жыл бұрын болған кешкі асты еске алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция президенті Франсуа Олланд екі елдің дипломатиялық қарым-қатынастарының орнағанына 25 жыл толуына орай ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау xат жолдады. Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында оны Францияның Қазақстандағы елшісі Франсис Етьен оқып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Франсуа Олланд Қазақстан Президентіне жолдаған xатында 25 жыл бұрын болған кешкі асты еске алды

«Франция мен Қазақстанның арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай құттықтап жолдаған xатыңызға зор алғысымды білдіремін. Өз кезегімде Францияның Қазақстанмен арадағы байланыстарды ұдайы нығайтуға орасан мән беретінін жеткізуге рұқсат етіңіз.

25 жыл бұрын, 1992 жылы 23 қыркүйекте Елисей сарайында Сіз Франсуа Миттеранмен кездескен едіңіз. Сіздің мәртебеңізге орай ұйымдастырылған кешкі ас үстінде біздің әріптестігімізді барлық салалар бойынша дамытуға деген Францияның қалауын Франсуа Миттеран атап өткен болатын.

Бүгінде бізді осы жолда ілгері басып келе жатқанымызды ерекше атап өтуге болады. 2015 жылы 5 қарашада Парижде кездескен кезде мен Қазақстан экономикасының беріктігіне сенім білдіріп, ортақ жобаларымызды нақтылаудағы кедергілер жойылса екен деген тілегімді білдірген едім.

Менің сенімділігім өзгерген жоқ, кез келген жағдайда Франция франко-қазақстандық әріптестіктің тұрақтылығы мен тиімділігі жолында жұмыс жасайтын болады. Соған сенімді бола аласыз», - деп жазды Олланд өз xатында.
Францияның Қазақстандағы елшісі Франсис Етьеннің айтуынша, екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай түрлі мерекелік шараларды өткізу жоспарланған. Осы датаға арналған логотип әзірленіп, пошта маркасы шығарылатын болады.