Франсуа Олланд Париждің собор мешітінде болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция Президенті Франсуа Олланд 10 қаңтарда француз астанасында Республика алаңында 2015 жылғы лаңкестік актілер құрбандарын еске түсіруге арналған рәсімнен кейін Париж собор мешітінде болды. Бұл туралы Елисей сарайынан хабарлады деп жазды ТАСС.
«Президент мешіт имамы Далил Бубакермен және Француздың мұсылман діні кеңесінің басшысы Анвар Кбибешпен әңгімелесті, деп хабарлады Олландтың төңірегіндегі өкілдер.
Осы демалыс күндері Францияның бүкіл аумағындағы жүздеген мешіттер 2015 жылғы қаңтарда және қарашада исламшылар қолынан қаза тапқан отандастарына қайғырған француздармен ынтымақтастық белгісі ретінде өздерінің есіктерін айқара ашуға ұйғарды.
«Біз ислам - ашық дін екенін және діни ұрандарды жамылып, лаңкестік актілер ұйымдастыратын және адамдарды өлтіріп жатқан экстремистермен ешқандай ортақ ештеңеміз жоқ екенін көрсеткіміз келеді», - деді Кбебиш.
Осы демалыс күндері мешіттерге келушілердің бәріне шай мен тәттілер ұсынылды, сондай-ақ олар ислам тарихы жөнінде дәрістер, діни уағыздарды тыңдады, имамдармен әңгімелесті.
Қоғамдық акцияларға Париж собор мешітімен қатар шағын құлшылық ету орындары да белсене қатысты.