Франция баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді, оны Макрон бақылап отырды

АСТАНА. KAZINFORM — 6 қазан, сейсенбі күні Франция елдің батысындағы Финистер департаментінің жағалауында атом сүңгуір қайықтан ядролық оқтұмсық орнатылмаған стратегиялық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Франция испытала баллистическую ракету, за пуском наблюдал Макрон
Фото: видеодан алынған скрин

BFMTV арнасының Франция Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, зымыран Le Vigilant ядролық сүңгуір қайығынан ұшырылып, жағалаудан бірнеше жүз шақырым қашықтықтағы Атлант мұхитының солтүстік бөлігіне құлаған.

Қорғаныс министрлігі сынақтың ядролық оқтұмсықсыз және Францияның халықаралық міндеттемелерін қатаң сақтай отырып жүргізілгенін атап өтті.

Сынақтың барысын француз әскери-теңіз фрегатынан президент Эммануэль Макрон бақылады.

Серіктес агенттік Синьхуа Kazinform үшін арнайы ұсынған.

Еске сала кетейік, Франциядағы оқушылардың жаппай наразылығына байланысты Макрон шұғыл кеңес өткізді.