Франция бұрынғыдай Украинаға қару жеткізуді арттыра бермейді – Макрон

АСТАНА. KAZINFORM – Франция президенті Эмманюэль Макрон TF1 телеарнасына сұхбат берді, деп хабарлайды BBC.

макрон
Фото: 123RF/gintsivuskansphoto

- Атысты ұзақ уақытқа тоқтату Украина үшін аса қажет. Өйткені ол өзіне тиімді позицияда келіссөздерді жаңғыртуға мүмкіндік береді, - деді Макрон.

- Атыс тоқтатылғанда ғана ол елде қолайлы гуманитарлық жағдай қалыптасып, территориялық мәселелерді талқылауға қайта кірісуге мүмкіндік жасайды, - деді Франция президенті.

Бұл ретте ол 2014 жылдан кейін тартып алынғандарды толықтай қатару мүмкіндігі жоқ екенін украиндықтардың өздері де жақсы түсінетінін атап өтті.

Макрон сонымен қатар Францияның Украинаға техника мен құралдарды жеткізуде барлық мүмкіндіктерді қарастырғанын атап өтті. Енді олар өздерінің қауіпсіздігін қатерге тіге отырып, қару-жарақ жеткізуді арттыра алмайтынын айтты, деп жазады ТАСС.

Егер Ресей атысты 30 күнге тоқтатуға келіспесе, Еуропа көшбасшылары санкция мәселесіне қайта оралуға мәжбүр болады.

Бұл ретте Макрон Ресейге қарсы осыған дейін де санкцияның бірнеше пакеті іске асырылып үлгергенін айтып, егер Ресей атысты тоқтатуға көнбесе алдағы күндері АҚШ-пен келісе отырып, жаңа санкциялар салу мәселесі қарастырылатынын жеткізді.

Осыған дейін АҚШ, Еуропа және Украина Ресейден 30 күнге сөзсіз бітім жасауды талап еткені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар