Франция парламенті Барнье үкіметіне сенімсіздік вотумын қолдады

ПАРИЖ. KAZINFORM - Франция Ұлттық жиналысының депутаттары Премьер-Министр Мишель Барнье үкіметіне сенімсіздік вотумын қолдады. Енді кабинет отставкаға кетуі керек, деп хабарлайды BBC.

Франция
Фото: BBC

Бұл шешімді қабылдау үшін кемінде 289 дауыс қажет болатын. Вотумға 331 депутат дауыс берді.

Бұл Франция үкіметінің 1962 жылдан бері сенімсіздік вотумы аясында биліктен кетуінің алғашқы оқиғасы. Ол кезде отставкаға Жорж Помпиду үкіметі кеткен еді. Барнье үкіметі өз лауазымында 90 күн ғана қызмет еткен, Франция тарихындағы аз уақыт жұмыс істеген министрлер кабинеті болып қалмақ.

Мишель Барнье мен оның кабинеті Франция президенті Эммануэль Макрон жаңа премьер-министрді таңдағанша өз міндетін атқара береді. Шілдедегі кезектен тыс сайлаудан кейін бұл іске 50 күн кеткен.

Франция Конституциясына сәйкес, жаңа сайлау алдындағы сайлаудан кейін бір жыл өтпей жатып, тағайындалмайды.

Осыған дейін Франция үкіметке «сенімсіздік» білдіру үшін дауыс беруге дайындалып жатқаны туралы жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар