Францияда әйелі мен төрт баласын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Қайғылы оқиға 25 желтоқсан кешке Мо қаласында болды. Күдікті келесі күні көрші департаментте қолға түсірілді. Kazinform бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция Франция
Фото: Euronews

Француз полициясы сейсенбі күні әйелі және 9 ай мен 10 жас аралығындағы төрт баласын өлтірді деген күдікпен 33 жастағы ер адамды ұстағанын мәлім етті.

Қайғылы оқиға 25 желтоқсан кешке Мо қаласында, Сена және Марна департаментінде болған.

Дабылды құрбандардың туыстары мен көршілері қақты. Көршілердің бірі еден мен есіктің тұтқасынан қан іздерін көргеннен кейін полицияға хабарласқанын айтты.

Күдіктіні іздеу түні бойы және сейсенбі таңертең жалғасты. Ол Сенаға көршілес Сен-Дени департаментінде қолға түсті. Ол 2019 жылы да әйелін пышақпен жарақаттаған, бірақ ол кезде қылмыстық іс қозғалмапты.

Сондай-ақ күдікті 2017 жылдан бері күйзеліс пен психикалық бұзылыс салдарынан дәрігерлердің бақылауында екені белгілі болды.