Францияда екі трамвай соқтығысып, 50 адам зардап шекті

АСТАНА. KAZINFORM – Сенбі күні кешкісін Страсбургтің орталық вокзалы жанындағы аялдама маңында тоннельде екі трамвай соқтығысты, деп хабарлайды ВВС.

трамвай
Фото: Pixabay

50-ден астам адам зардап шекті. Өрттен құтқару қызметінің хабарлауынша, адамдардың алған жарақаттары жеңіл, олардың өміріне қауіп жоқ.

Алдын ала мәліметтер бойынша, трамвайлардың бірі өзге бағытқа шығып кетіп, тоқтап тұрған трамвайды соққан.

Жергілікті билік тергеуді бастады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаға трамвайларды бағыттау жұмыстарынан жіберілген қателік себеп болған.

Германияның Магдебург қаласындағы (Саксония-Анхальт федералды штаты) Рождестволық базарда көлік адамдарды қағып кетті.