Францияда Эпштейн ісі бойынша тағы он жаңа жәбірленуші анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – Қайтыс болған америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейннің адам саудасына қатысты болжамды желісін тергеп жатқан француз прокурорлары бұған дейін тергеуге белгісіз болған шамамен он жаңа жәбірленуші пайда болғанын хабарлады. Олар билікке өздері жүгінген, деп хабарлайды France 24.

Францияда Эпштейн ісі бойынша тағы он жаңа жәбірленуші анықталды
Фото: occrp.org

Франциядағы тергеу АҚШ Әділет министрлігі биыл қаңтарда Эпштейн ісіне қатысты материалдардың кезекті пакетін жариялағаннан кейін басталған. Эпштейн 2019 жылы кәмелетке толмағандарды сексуалдық қанау айыбы бойынша сотты отырысын күтіп жүріп түрмеде көз жұмған. Француз тергеушілері Франция аумағында жасалуы мүмкін қылмыстарды немесе француз сыбайластарының қатысын тексеріп жатыр.

Париждің бас прокуроры Лора Бекко ақпанда ықтимал жәбірленушілерді байланысқа шығуға шақырғаннан кейін тергеуге шамамен 20 адамның жүгінгенін айтты. Олардың бір бөлігі тергеушілерге бұрыннан белгілі болған, алайда прокурордың сөзінше, мүлде жаңа шамамен он адам анықталған.

– Біз бұл жәбірленушілерді тыңдап жатырмыз, – деді ол.

Прокурор сондай-ақ олардың кейбірі шетелде жүргенін, сондықтан тергеушілер Парижге келу мүмкіндігін ескере отырып кездесулер ұйымдастырып жатқанын айтты.

Сонымен қатар тергеушілер Эпштейннің так называемые файлдарын зерттеп, оның компьютерлерін, телефон жазбаларын және мекенжай кітаптарын қайта тексеріп жатыр. Халықаралық құқықтық көмек көрсету жөнінде сұраулар жолданған.

Тергеуге бұрыннан белгілі жәбірленушілер қатарында еуропалық модель агенттігінің бұрынғы басшысы Джеральд Мари мен қайтыс болған агент Жан-Люк Брюнельге қатыстық істер бойынша куәлік берген әйелдер бар.

Брюнель 2020 жылы кәмелетке толмағандарға сексуалдық зорлық көрсетті және Эпштейнге жәбірленушілерді жеткізді деген айыппен ұсталған. Ол 2022 жылы түрмеде өлі күйінде табылған.

Прокурор Лора Бекконің айтуынша, қазіргі уақытта қылмыстарға қатысы болуы мүмкін адамдардың ешқайсысы әлі жауап алынуға шақырылмаған.

Айта кетейік, Қазақстанның Бас прокуратурасы Эпштейн файлдарындағы хабарламаны тексеріп жатыр. Себебі Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов экс-шенеуніктердің Джеффри Эпштейнмен байланысын тексеру керек екенін ескертіп, құзырлы органдарға депутаттық сауал жолдаған.