Бүгін Францияда Канн кинофестивалі басталады

АСТАНА. KAZINFORM — Францияда 12 мамырдан бастап 79-шы Канн кинофестивалі басталады. Жылдағы дәстүр бойынша биыл да ең танымал және көптен күткен фильмдердің премьералары өтеді, деп хабарлайды AP.

Францияда Канн кинофестивалі басталады: биылғы жылдың басты премьералары қандай
Фото: EastNews

Фестиваль бағдарламасында Педро Альмодовар, Андрей Звягинцев, Рюсуке Хамагути және басқа да белгілі режиссерлердің жаңа туындылары ұсынылады.

Каннда 12 күн бойы киноиндустрия жұлдыздары қатысатын жоғары деңгейдегі премьералар, байқау көрсетілімдері және қызыл кілем кештері өтеді. 

Тоғыз адамнан тұратын қазылар алқасын бұған дейін Канн кинофестивалінде «Олдбой» және «Кету туралы шешім» фильмдерімен бақ сынаған оңтүстіккореялық режиссер Пак Чан Вук басқарды. Сондай-ақ қазылар алқасының құрамына «Гамнет» сериалындағы жұмысымен танымал қытайлық режиссер Хлоэ Чжао Деми Мур және швед актері Стеллан Скарсгард кірді. 

Канн фестивалі — болашақ «Оскар» жеңімпаздары үшін стартап алаңы. Бұрын мұнда «Паразиттер» және «Anora» фильмдері көрсетіліп, кейін «Үздік фильм» номинациясы бойынша «Оскар» алған.

Биылғы фестивальдың басты премьералары:

  • Hope («Надежда») — На Хон-джиннің ғылыми-фантастикалық триллері, басты рөлдерде Майкл Фассбендер, Алисия Викандер, Хван Чон-мин және Тейлор Рассел;
  • Paper Tiger («Бумажный тигр») — Джеймс Грейдің қылмыстық драмасы, Адам Драйвер, Майлз Теллер, Скарлетт Йоханссон;
  • Fjord («Фьорд») — Кристиан Мунджиудің жаңа туындысы, Себастьян Стэн және Ренате Рейнсве;
  • Teenage Sex and Death at Camp Miasma («Подростковый секс и смерть в лагере «Миазма») — Джейн Шенбруннің хоррор-драмасы, Ханна Эйнбиндер, Джиллиан Андерсон;
  • Fatherland («Отечество») — Павел Павликовскийдің тарихи драмасы, Ханс Цишлер, Сандра Хюллер;
  • Suddenly («Внезапно») — Рюсуке Хамагутидің француз тіліндегі фильмі, Виржини Эфир, Тао Окамото;
  • Sheep in the Box («Овцы в коробке») — Хирокадзу Корээда ғылыми-фантастикалық драмасы;
  • The Man I Love («Мужчина, которого я люблю») — Айра Сакс драмасы, Нью-Йорк актері ауыр сырқатпен бетпе-бет;
  • Unknown («Неизтвестное») — Артур Хараридің ғылыми-фантастикалық драмасы, Леа Сейду;
  • Minotaur («Минотавр») — Андрей Звягинцевтің жаңа туындысы, Ресейлік кәсіпкердің дағдарысы;
  • John Lennon: The Last Interview («Джон Леннон: Последнее интервью») — Стивен Содербергтің деректі фильмі Джон Ленноннің соңғы күндері туралы;
  • Bitter Christmas («Горькое Рождество») — Педро Альмодовардың жаңа мелодрамасы, кино өндірісі, қартаю және жоғалтуды сезіну туралы.

Биыл The White Lotus сериалы да ерекше назар аудартады. HBO жобасының жаңа маусымы Канндағы Круазетт жағалауында түсіріледі. 

Кинофестивальде 16 мамыр күні Алматыда түсірілген қысқаметражды «Aryk» фильмі көрсетілетін болады. Фильмнің режиссері — Илья Врей. Ол Қазақстанда туған, Ұлыбританияда өскен. Илья Врей — режиссер, сценарист және актер. Ол Ли Страсберг театр және кино институтын бітірген және Кембридж университетінде сценарий жазу бойынша магистр дәрежесіне ие. 

Бұған дейін жыл сайынғы киножобалар конкурсында биыл қандай тақырыптарға басымдық берілгені туралы жазған едік.