Францияда ірі митингтер өтті

АСТАНА. KAZIFORM - Франция полициясының хабарлауынша, халықаралық еңбекшілер мерекесіне байланысты митингіге 175 мыңға жуық, Парижде 32 мың адам қатысты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Францияда ірі митингтер өтті
Фото: Times New видеосынан алынған кадр

1 мамыр Францияның мемлекеттік мерекелерінің бірі. Бұл күн «Еңбек күні» деп аталады. Бұл күні дәстүрлі түрде елдегі кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен бұқаралық демонстрациялар өтеді.

Биыл ірі манифестациялар Парижде, Нантта және Францияның өзге де қалаларында өтті. Қақтығыстар да болды.

Осы оқиғаға байланысты тараған хабарға қарағанда, социалист белсенділерге шабуыл жасалған. Олардың төртеуі жеңіл жарақат алған.

Франция ішкі істер министрі Парижде Социалистік партия кеңсесі демонстаранттардың агрессивті шабуылына ұшырағанын хабарлады.

- Оқиға орнының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бұзақыларды тұтқындау үшін полиция араласты. Мен шабуыл жасалған белсенділерді толық қолдайтынымды айтқым келеді. Біз елімізде радикал солшылдар ұйымдастырғысы келетін саяси күш көрсетуге жол бермейміз, - деді ол.

Франция оппозициясы да митинг өткізді. «Ұлттық бірлестік» лидері Марин Ле Пен Нарбонна қаласында 8 мың жақтаушыларының алдында сөз сөйледі. Оңшыл радикал саясаткер ретінде ол Э.Макрон саясатын сынады.

- Жүйе менің президент сайлауына түсуіме кедергі келтіргенімен ел бойынша мыңдаған француздың әрекет етіп, қатысып, өзіне жауапкершілік алуына кедергі келтіре алмайды,- деді.

Сәуір айының басында Франция соты «Ұлттық бірлестік» ең шеткі партиясының лидері Марин Ле Пенді Еуропалық Одақ қаржысына зиян келтірді деп айыптады. Бұл оппозиция саясаткерінің жуырдағы президент сайлауына түсуіне кедергі болуы мүмкін.

Осыған дейін Францияда түрмелерге шабуыл жасаған 25 адам ұсталғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар