10:12, 06 Мамыр 2025 | GMT +5
Францияда түрме әкімшілігі қателісіп қауіпті қылмыскерді босатып жіберген

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, аса қауіпті зорлық-зомбылық қылмысы үшін 11 жылдық жазасын өтеп жатқан 25 жастағы ер адам Франциядан Мароккоға депортациялануы тиіс басқа тұтқынның орнына Градиньан коммунасының түрмесінен босатылған. Түрме әкімшілігі тұтқындардың ұқсас есімдерін шатастырды.
Қазір құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қылмыскерге іздеуге жарияланды, оны қамауға алу туралы еуропалық ордер берілді, бұл ЕО-ның барлық елдерінде жарамды.
Еске сала кетейік, Францияда түрмелерге шабуыл жасаған 25 адам ұсталғаны жайлы жазған едік.