Франциядағы биоотын зауытында жарылыс болды

жапония
Фото: trend.az

АСТАНА. KAZINFORM – Францияның оңтүстігіндегі Эро департаментіндегі биоотын шығаратын зауытта болған жарылыс салдарынан бір адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Trend.

Оқиға Saipol зауытында болған. Жарылыс өртке ұласқан. Қазір толықтай оқшауланған.

Барлығы 200-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Билік зиянды химиялық заттардың тарап кету қаупі бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

Оқиғаның себебі анықталуда, аумақ қоршауға алынған.

Соңғы жаңалықтар