Франциялық Альпі 2030 жылғы қысқы Олимпиаданы қабылдайтын болды

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Парижде өтіп жатқан Халықаралық Олимпиада комитетінің 142-сессиясында айтылды, деп жазады ҰОК ресми сайты.

2030 жылғы қысқы Олимпиада
Фото: ҰОК

«Франция президенті Эммануэль Макрон мен басқа да қызығушылық танытқан тұлғалар 2030 жылғы Олимпиада ойындарын қабылдауға дайын екендіктерін жеткізді. Біз Францияның ғаламат Олимпиада ұйымдастырарына сенеміз», - деді Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах.

Айта кетелік, 2026 жылғы Олимпиада ойындары Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.

Соңғы жаңалықтар