Францияның Бут қаласын тағы су басты

АСТАНА. KAZINFORM — Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Па-де-Кале аймағындағы өзендер арнасынан тасыды. Қаланы су басып, тұрғындар әбігерге түсті. Бұл туралы Euronews сайты хабарлады.  

су басты
Фото: Euronews.com

Францияның солтүстігінде орын тепкен шағын Бут қаласы осымен төрт айдың ішінде бесінші рет су астында қалып отыр. Толассыз жауған жауынның салдарынан Па-де-Каледегі бірнеше өзен бірінен соң бірі арнасынан тасып, қаланы су басты.

Бұл жағдай жергілікті тұрғындар үшін бітпейтін қорқынышқа айналды. Үздіксіз жауған жаңбырдың салдарынан жағдай күрделене түскен. Тіпті кейбір тұрғындар үшін үйін  лайдан тазартудың еш пайдасы болмай қалды. 

Тұрғындар үшін тек жаз маусымын күтуден басқа амал қалмады. Күн жылынса ғана бұл қауіптен құтыламыз деген үмітте. Алайда, жердің тез кеуіп кететініне ешқандай кепілдік жоқ.