Францияның солтүстігінде су тасқынынан 1,5 мыңға жуық тұтынушы жарықсыз қалды
Францияның солтүстігіндегі Па-де-Кале департаментінде су тасқыны салдарынан 1,5 мыңға жуық адам электр қуатынсыз отыр. Бұл туралы Kazinform ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«1 450 адам электр жарығынсыз қалды»,-делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, 2,1 мың тұрғын ауызсудың лайлануына байланысты суды шектеп пайдаланып отыр. Осыған байланысты билік өкілдері ыдысқа құйылған су таратып жатыр.
Франция ІІМ-нің басшысы Жеральд Дарманен су тасқынының салдарымен күресу үшін 120 құтқарушыны жіберді. Олар жұмыстарына кірісті.
Па-де-Каледа кейінгі кезде нөсер жауын мен биік толқындардың салдарынан су тасқыны көп болып жатыр.