Француздық стримердің тікелей эфирде қайтыс болуы: прокурорлар тергеу жүргізіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Ницца прокуратурасы дүйсенбі, 18 тамызда 46 жастағы стример Рафаэль Грейвеннің «тікелей эфир кезінде» қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды Euronews

Француздық стримердің тікелей эфирде қайтыс болуы: прокурорлар тергеу жүргізіп жатыр
Фото: JeanPormanove/Twitter

Пайдаланушыларға Жан Порманов немесе JP бүркеншік есімдерімен белгілі болған Грейвен Наруто және Сафин есімді серіктестер оны бірнеше сағат бойы физикалық және психологиялық зорлық-зомбылыққа ұшыратқан бейнелерді желіде жариялау арқылы ақша тапты. Әңгіме тұншықтыру, ұрып-соғу, суық су құю және балағаттау туралы болып отыр.

Контент Lokal арнасында көрсетілді, оны жүздеген мың жазылушы көрді. 

— Иә, бұл trash-контент болды, бірақ біз ол үшін толық жауапкершілікті өз мойнымызға алдық. Контент қатты бақыланған, сценарийі жазылған еді, біз оны әсерлі етіп көрсетуге тырыстық. Бұл ойын-сауық пен стримингтің бір бөлігі болды. Біз мұндай нәрсе болады деген ойдан өте алыс едік, — деп түсіндірді тікелей эфирге қатысқан Нарутоның ағасы Гвен.

Бейнежазбаны көрген пайдаланушылар стримерлермен өзара әрекеттесіп, оларға қайырымдылық тұрғыда қаражат ұсына алды. Түсікінтемелерді оқығанда, көрермендерге мүмкіндігі шектеулі адамдарды балағаттап, қатыгездік танытудың бұл механикасы ұнаған сияқты.

- Ниццаның сот полициясы қазірдің өзінде «көптеген материал мен бейнежазбаларды тәркілеуді» жүзеге асырды және сол кезде болған адамдардан бірнеше жауап алды. Қазіргі кезеңде «өлім себебі туралы» қорытынды жасалған жоқ, — деп нақтылады прокуратура. 

Тікелей эфирге қатысқан Наруто мен Сафин қамауға алынып, кейін босатылды, түсіру құралдары тәркіленді.

Францияның балалар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Сара Эль-Хайри JP өлімі «қорқынышты» болғанын айтты.

— Платформаларға біздің балаларымыз зорлық-зомбылыққа ұшырамауы үшін онлайн-контентті реттеуде үлкен жауапкершілік жүктеледі. Мен ата-аналарды өте қырағы болуға шақырамын, — деді ол.

Министрдің Цифрлық технологиялар жөніндегі орынбасары Клара Шаппа X-те бұл «абсолютті қорқынышты» және әлеуметтік желілерде зорлық-зомбылық бейнелерінің жалпы таралуын айыптады. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум