Фридрих Мерц Германия канцлері атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгінгі күннің екінші жартысында Бундестаг сайлаудың екінші турында Фридрих Мерцті федералды канцлер етіп сайлады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Фридрих Мерц
Фото: wikipedia.org

ХДС жетекшісі 325 дауыс жинап, канцлер болып тағайындалу үшін қажетті 316 дауыстан асып түсті.

Бірінші турда Мерц небәрі 310 дауыс алған еді. Енді ХДС/ХСС жетекшісі үкімет басшысы болады, ал Германия Федеративтік Республикасының Министрлер кабинеті жұмысқа кіріседі.

Үкіметтік коалиция парламентте 12 орындық басымдыққа ие және Ф.Мерцтің «ХДС», олардың Бавариядағы одақтастары — Христиан-әлеуметтік одақ (ХСС) және социал-демократтар (СДПГ) партияларынан құралған.

Бұған дейін христиан-демократиялық және христиан-әлеуметтік одақтың (ХДО/ХӘО) консервативті блогынан кандидат Фридрих Мерц Бундестагтағы дауыс берудің бірінші турында канцлер болып сайлану үшін көпшілік дауыс жинай алмағаны белгілі болды.

 



Соңғы жаңалықтар