Фристайл мен сноубордтан ӘЧ: Қалмұрзаева мен Алдабергенова үздік ондықта

АСТАНА. ҚазАқпарат- АҚШ-тың Парк-Сити қаласында фристайл мен сноубордтан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмұрзаевалар үздік ондыққа кірді, деп хабарлайды Olympic.kz.
None
None

Алдабергенова мен Қалмұрзаева іріктеу сынынан іркілмей өтіп, үздік 12 спортшының қатарынан көрінген. Бұл олардың финалдық бәсекеде бақ сынауына мүмкіндік берді.

Қалмұрзаева 78.88 ұпаймен сегізінші орын иеленсе, Алдабергенова 73.95 ұпаймен тоғызыншы сатыға көтерілді.

Ал алғашқы алтылыққа енген спортшылар әлем чемпионатының жүлделерін өзара сарапқа салуда.

Финалда 103.11 ұпай жинаған белоруссиялық Александра Романовская алда келеді.

Еске сала кетейік, Жанбота Алдабергенова шаңғы акробатикасынан Сочи олимпиадасында алтыншы орын иеленген.

Соңғы жаңалықтар