Фристайл-могулдан әлем кубогі: Юлия Галышева ТОП-5 кірді

Галышева
Фото: Спорт комитеті

АСТАНА. KAZINFORM – Фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінің бірінші жарыс күні аяқталды.

Асталған додада әйелдер арасында қазақстандық Юлия Галышева 68.58 ұпаймен бесінші орын алды. Бірінші орынды австралиялық Энтони Джакара 82.74 ұпаймен жеңіп алды.

Ерлер арасында жерлесіміз Павел Колмаков 72.53 ұпаймен алтыншы орынға табан тіреді. Бұл сында канадалық Микаэль Кингсбери 84.89 ұпаймен топ жарды.

Айта кетелік, 9 наурыз күні параллельді могулдан жарыс өтеді.

Аталған бәсекеде фристайл-могулдан Қазақстан намысын әйелдер арасында Юлия 

Галышева, Аяулым Әмренова, Анастасия Городко, Юлия Феклистова, Виктория Кузнецова, Анастасия Ларионова қорғап жатса, ерлер арасында Павел Колмаков, Антон Бондарев, Федор Бугаков, Максим Емельянов, Денис Раструба, Семен Русаков, Ильнар Ибрагимов сынға түсіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар