Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Фристайл-могулдан Еуропа кубогі: Анастасия Городко тағы «алтын» алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Финляндияда фристайл-могулдан Еуропа кубогі кезеңі аяқталды. Қарт құрлық додасында Қазақстан командасының өкілі Анастасия Городко тағы да топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Фристайл-могулдан Еуропа кубогі: Анастасия Городко тағы «алтын» алды

Анастасия параллельді могулдан алтын жүлдегер атанды. Неміс спортшысы Ханна Вессе - екінші, франциялық Фантин Дегрут үшінші орында.

Айта кейік, Анастасия Городко бірінші жарыс күнінде өткен жекелей сында да «алтын» алған болатын.