Фристайл-могулдан Еуропа кубогы: Қазақстандық спортшы екі медаль алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Швецияның Оре қаласында фристайл-могулдан Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Жарыстар барысында қазақстандық спортшы Анастасия Городко екі мәрте мінберге көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фристайл-могулдан Еуропа кубогы: Қазақстандық спортшы екі медаль алды

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мәліметіне сәйкес, А.Городко «параллельді могулда» бірінші болды. Ол финалда Германия өкілі Ханна Вессені басып озды.

Сондай-ақ спортшымыз «могул» кезеңінде «қола» алды. Бағдарламаның аталмыш түрінде алтын медаль Нидерланды өкілі Жанеке Бергхуиске бұйырды. «Күмісті» швециялық Май Бьеркман иеленді.

Еуропа кубогының жалпы есебінде А.Городко көшбасшылық позицияны сақтап келеді.