ФРЖ базалық пайыздық ставканы тағы көтерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесі (ФРЖ) 25 базалық пункте пайыздық ставканы көтеретіндігі туралы хабарлады, деп жазады Синхуа.

ФРЖ базалық пайыздық ставканы тағы көтерді

«ФРЖ еңбек нарығы мен инфляция жағдайларын бағамдай отырып, пайыздық ставканы 1,25-ден 1,5 пайызға көтеруге шешім шығарды»,- делінген монетарлық саясат мәселелері бойынша екі күндік отырыстан кейін жасалған ФРЖ-ның мәлімдемесінде.

Айта кетейік, ФРЖ бір жыл ішінде осымен үшінші рет базалық ставканы көтеріп отыр.