Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Фуцзянь провинциясында «Меранти» дауылы 18 адамның өмірін қиып кетті, 11-і із-түзсіз жоғалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жойқын "Меранти" дауылы Қытайдағы Фуцзянь провинциясын едәуір шығынға ұшыратты.

 Фуцзянь провинциясында  «Меранти»  дауылы 18 адамның өмірін қиып кетті, 11-і із-түзсіз жоғалды

Соңғы деректерге қарағанда, 16 қыркүйекте 21:00-ге қарай аумақты жайпап өткен алапат дауыл 18 адамның өмірін қиып кеткен, 11 адам із-түзсіз жоғалып отыр, деп хабарлайды Синьхуа.

"Меранти"  Сямэнь қаласы аумағындағы жағалауға 15 қыркүйекте таңертеңгілік жетті. Дауыл  салдарынан үйлер құлап, инфрақұрылым зақымданды, сумен және  электрмен жабдықтау жүйелері бүлінді. Сондай-ақ көлік қозғалысы қиындады. Қаланы едәуір экономикалық шығынға ұшыратты.

null null null null