«Фукусима-1» АЭС ауданында радиация деңгейі жоғарылап келеді

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Соңғы бірнеше күнде Жапониядағы «Фукусима-1» атом стансасының ауданынада жер асты суларының радиоактивті ластануы деңгейі айтарлықтай жоғарылады.
None
None

Стансаның операторы болып табылатын TEPCO инженерлік компаниясы бұдан ары қарай ластануды тоқтату үшін бар күш-жігерін салып отырғандығын мәлімдеді.

ВВС-дің жазуынша, болжам бойынша қатерлі ісікті тудыратын қауіпті заттармен ластану көрсеткіші бұл жерде тиісті деңгейден едәуір жоғары көрінеді.

Аталған стансада апат болғаннан бері екі жылдан астам уақыт өтті. 2011 жылдың наурызында «Фукусима-1» АЭС-ке жер сілкінісі мен цунами салдарынан күрделі зақымдар келді.

TEPCO-ның мәліметінше, жер асты сулары қатты ластанған. Өткен аптада теңіз суының да нұсқасы сараптамаға алынып, оның ластану деңгейі соңғы екі жылдағыдан жоғары болған.

Соңғы жаңалықтар