«Фукусима-1» АЭС-де радиацияның таралуы орын алды
АСТАНА. 6 маусым. ҚазАқпарат - «Фукусима-1» жапондық атом стансасының оператор компаниясы аталған стансада радиактивті заттың таралуы тағы да орын алғанын мәлімдеді. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Бұл заттың жайылуы реакторларды салқындату үшін пайдаланылатын су толтырылған жерасты резервуарлардың бірінен болған көрінеді.
Компанияны басқарушылар радиактивті заттың таралуы елеулі көлемде емес дегенді алға тартуда. Осы аптада олар АЭС маңындағы жерасты сулары ластанғанын мойындады. Алдын ала мәліметтер бойынша радиактивті заттар жер қыртысына резервуарлардан сіңіп кетті деп пайымдауда. Бұдан бұрын компания бұндай мүмкіндікті жоққа шығарған еді.
2011 жылдың наурызында «Фукусима-1» стансасына зілзала мен цунамидің салдарынан күрделі зақым келтірілген болатын.