«Фукусима-1» АЭС-інде радиацияның рекордтық деңгейі тіркелді
АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - «Фукусима-1» АЭС-нің операторы - ТЕРСО компаниясы, электр стансасының аумағында радиацияның рекордтық деңгейі тіркелгенін мәлім етті.
10 мың миллизиверт/сағат көрсеткіш 11 наурыздағы зілзаладан бері тіркелген ең жоғары деңгей болып отыр, деп хабарлайды РБК агенттігі.
HNK телеарнасының ақпараты бойынша, қазір стансада қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқан Tokyo Electric Power Co., компаниясының қызметкерлері стансаның 1-ші және 2-ші энергоблоктарын байланыстыратын тоннелде кеше радиацияның төтенше жоғары деңгейін тіркеген. Нәтижесінде жұмысшылар 4 миллизиверт мөлшерінде радиация дозасын алған. ТЕРСО бұл қауіпі тоннелді жауып тастады.
Жапонияның Атом электр стансаларындағы апаттарды жою істері жөніндегі министрі Госи Хосоно, 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап «Фукусима-1» стансасының айналасындағы 20 шақырымдық оқшаулау аумағын тазалау жұмыстары басталатынын хабарлады. Ведомство басшысы, 2012 жылдың қаңтар айына дейін бұл жұмыстар аяқталуы керек екенін, ағымдағы жылы 11 наурызда болған қуатты зілзала мен соның салдарынан атом-электр стансасында орын алған апатқа байланысты үй-жайларын тастап кетуге мәжбүр болған тұрғындар содан кейін ғана үйлеріне оралатынын мәлім етті.