«Фукусима-1» АЭС-інен радиоактивті су тағы ақты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның солтүстік-шығысындағы апатты «Фукусима-1» АЭС-інің операторы ТЕРСО стансаның бесінші энергоблогындағы радиактивті судың тағы аққандығын жария етті, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
ТЕРСО таратқан ақпаратқа қарағанда, энергоблогтың бесінші қабатынан радиоактивті судың ағуы жергілікті уақыт бойынша сенбі күні сағат 01.30-да табылған. Алдын ала бағалау бойынша төгілген су шамамен 100 литрді құрайды.
Радиоактивті судың өңделген ядролық отын сақталатын бассейінді салқындату үшін сұйықтық ағатын құбырдың гидротехникалық қақпағынан тамшылағаны белгілі болып отыр. Қазіргі уақытта бассейіндегі температура 25,2 градусты құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, осы айдың басында өңделген ядролық отын сақталатын бассейінді салқындату жүйесі радиоактивті судың ағуы салдарынан тоқтатылған еді. Ол кезде компания не бәрі екі күннің ішінде жүйедегі ақауды қалпына келтірген болатын.