«Фукусима -1» АЭС-те салқындату жүйесі тағы да істен шығып қалды

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Жапониядағы «Фукусима -1» атом электр стансасында пайдаланылған ядролық материалдардың салқындатқыш жүйесі осымен екінші рет істен шығып отыр. Бұл туралы ВВС-дің орыс қызметі хабарлады.

«Фукусима -1» АЭС-те салқындату жүйесі тағы да істен шығып қалды

Tokyo Electric стансасының компания-операторы да радиоктивті негіздері бар бассейндердің бірінде салқындатқыш жүйе жұмыс істемей қалғанын қуаттады. Қазіргі уақытта бұл жүйе қалпына келтіріліп, салқындатқыштар тиісті тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Аталған құрылғының істен шығуына электр жүйесіне кеміргіштердің енуі себеп болуы ықтимал.

Айта кетейік, наурыздың орта кезінде салқындату жүйесі стансаның үш бассейнінде бірден сөніп қалған болатын. Tokyo Electric мәліметіне қарағанда, ол кезде жүйе егеуқұйрықтардың электр энергиясын таратқыш тақтаға кіріп кетуінен өшіп қалды.

2011 жылдың көктемінде «Фукусима-1» АЭС-ке жер сілкінісі мен цунами салдарынан күрелі зақымдар келтірілген болатын. Осыдан кейін станса өзінің жұмысын тоқтатты. Алайда жарылыстың алдын алу үшін пайдаланылған радиоктивті негіздерді үнемі салқындатып тұру қажет.