«Фукусима-1» АЭС-те урандық өзекшелерді шығару жұмыстары басталды
АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Жапонияда цунами салдарынан апатты болған «Фукусима-1» АЭС-те жұмысшылар стансадағы төрт реактордың бірінен уран өзекшелерін шығаруды бастады. Мамандардың сөзіне қарағанда, бұл операция бір жылға дейін созылуы мүмкін.
Сарапшылардың атап өтуінше, 2011 жылғы жер сілкінісінен кейін босаған сутектің жарылыстары стансаны кейінгі жерасты дүмпулеріне осал етті.
«Tepco» оператор-компаниясының баспасөз хатшысының мәліметіне қарағанда, алғашқы 22 урандық өзекше екі күннің ішінде шығарылады. Сонымен қатар шоғырланған алапта реактор астындағы өзекшелер 150 жинақтан орналастырылған.
Мамандардың айтуынша, бұл - аталған нысандағы ахуалды тұрақтандыру үшін тәуекелді қадам болғанымен, қажетті шара.