«Фукусима-1» АЭС-тің зақымданған реакторынан бу шығып жатыр
АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - Жапондық «Фукусима-1» атом электр стансасының операторы зақым келген реактордан бу шығып жатқандығын хабарлады. Бұл осымен бір аптадан аз уақыт ішінде екінші рет қайталанып отыр, деп жазады ВВС.
Естеріңізге сала кетейік, аталған стансаға 2011 жылғы қуатты жер сілкінісі мен цунамидің салдарынан зақым келген болатын.
Жақында атом стансасын пайдаланатын компания реактордан теңізге радиактивті судың ағуы орын алып отыратынын мойындаған болатын.
Осындай күдік бұдан бұрынырақ та айтылған еді, алайда осыған дейін оператор барлығын жоққа шығарған.
Жапондық министр Касуёши Акаба аталған компанияға тәуекелдерді азайту бойынша қосымша шараларды қабылдауға нұсқау берді.