«Фукусима-1» атом электр стансасына тақау тұста қуаты 4,4 балдық жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның «Фукусима-1» атом электр стансасына тақау тұстан қуаты 4,4 балдық жер сілкінісі тіркелді,
деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Ұлттық метеорологиялық агенттіктің хабарлауынша, жер тербелісінің ошағы атом стансасынан шығысқа қарай, 20 шақырымдық тереңдіктен байқалған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар турасында және цунами қаупі туралы ақпарат тараған жоқ.
Стансаның "Токио электрик пауэр" оператор компаниясының ақпаратына қарағанда, жер сілкінісі салдарынан стансада қандай да бір тосын жайттар орын алмаған.