«Фукусима-1» компаниясының басқарушысы өзін-өзі өлтіргені туралы алып-қашпа сөз тарады

АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Жапониядағы жер сілкінісі мен цунамиден зардап шегуші «Фукусима-1» АЭС-і апатқа ұшырағаннан бері өсек-аяң қаптап кетті.

«Фукусима-1» компаниясының басқарушысы өзін-өзі өлтіргені туралы алып-қашпа сөз тарады

Енді міне, стансаның (TEPCO) басқарушыларының бастығы Масатаки Шимидзудың өзін-өзі өлтіргені туралы тағы бір алып-қашпа сөз шықты, - деп хабарлайды Лента.ру The Business Insider басылымына сілтеме жасап.

66 жастағы Шимидзу апат болғаннан бері көпшіліктің көзінен таса. 13 наурызда болған өзінің соңғы баспасөз мәслихатында «Фукусима» президентінің операторы ғана стансада болған оқиға туралы кешірім сұрады. Кейінірек TEPCO баспасөз хатшысы «Шимидзу жұмыстың орасан көптігінен жүйкесі сыр беріп, ауырып қалды» деген мәлімет таратты.