«Фукусима» АЭС-інде ірі көлемде радиоактивті су ағып кетті
АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Жапондық «Фукусима» атом электр стансасы контейнерлерінің бірінен 300 тонна радиоактивті су ағып кетті. Бұл туралы станса операторларының бірі хабарлады, деп жазады Утро. руАталған ыдыс маңынан радиоактивті сәулелену деңгейімен шалшық сулар анықталды. Мамандар төрт тонна суды жинап үлгерген, ал қалғаны жерге сіңіп кетті.
Радиоактивті судың қайдан аққаны әзірге белісіз, алайда ол су ағатын жүйеге қосылған қақпақша арқылы өтуі мүмкін деген жорамалдар айтылуда.
Аталған стансада апат болғаннан бері екі жылдан астам уақыт өтті. 2011 жылдың наурызында жер сілкінісі мен цунами салдарынан «Фукусима-1» АЭС-іне күрделі зақымдар келді.