«Фукусима» АЭС-індегі апаттың себебін шілде айында Венадағы Жапония комиссиясы мен МАГАТЭ жария етеді

АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - "МАГАТЭ мен Жапония комиссиясы шілде айында Венада «Фукусима» Атом электр стансысында болған апаттың себебі туралы баяндама жасайды", - деп мәлім етті бүгін Астанада Жапоняның атом энергетикасы жөніндегі агенттігінің ықпалдасқан кепілдікті, ядролық таратпауды және ядролық қауіпсіздікті қолдау орталығының директоры Масао Сензаки.

«Фукусима» АЭС-індегі апаттың себебін шілде айында Венадағы Жапония комиссиясы мен МАГАТЭ жария етеді

Жапония үкіметінің жанынан АЭС-дағы апаттың себебін зерттеумен айналысатын арнайы Штаб құрылған.

«МАГАТЭ-ға Фукусимадағы оқиғаны зерттеумен айналысатын арнайы комиссия жіберілді. Олар өз жұмыстарының қорытындысы бойынша баяандама дайындады. Сонымен қатар Жапония тарапынан әзірленген мәліметтер бар. Екі баяндама да келесі айда болатын Венадағы кездесу кезінде жарияланады», - деді атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі өткен семинар кезінде журналистердің сұрақтарына жауап берген Сензаки.