"Фукусима" АЭС-ынан шыққан радиоактивті йод Шотландияға жетті

АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат -Шотландияның Глазго қаласында шоғырланып қалған радиоактивті йод табылды, алдын ала болжам бойынша бұл Жапониядағы «Фукусима» АЭС-ынан шыққан зат болуы мүмкін.

"Фукусима" АЭС-ынан шыққан радиоактивті йод Шотландияға жетті

Бұл туралы жергілікті БАҚ ақпаратына сілтеме жасай отырып Утро.ру агенттігі хабарлаған.

Журналистердің айтуынша, ауада табылған йод мөлшері өте төмен және адам өмірі үшін қауіп төндірмейді. Ұйымдағы радиоактивті заттарға жауапты доктор Джеймс Джеммилл айтқандай, ауадағы заттың өте төмен мөлшері Біріккен Корольдік аумағындағы радиоактивті заттарға жүргізілген мониторинг ойдағыдай екенін байқатады.