Фукусима префектурасында қуатты жер сiлкiнісі болды

АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - Фукусима префектурасында бүгiн магнитудасы 5,6 балдық қуатты жер сiлкiнісі болды.

Фукусима префектурасында қуатты жер сiлкiнісі болды

«Токио электрик пауэр» (ТЭПКО) компания-операторы хабарлағандай, жер сілкінісі «Фукусима-1» АЭС жұмысын бұзбады», деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Жер сiлкiнісі ошағының тереңде жатпауы салдарынан жерасты дүмпуі Жапонияның Хонсю аралының барлық орталық және шығыс бөлiктерiнде сезiлдi. Жалпы жер сілкінісі астаналық ауданды қосқанда, 14 префектурада тіркелді.