Фукусимадағы АЭС радиоактивті бөліктерінен тазартылған су теңізге құйылады

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Жапония билігі «Фукусима-1» апатты АЭС-тан радиоактивті бөліктерден тазартылған судың ашық теңізге құйылуын ресми түрде мақұлдады. Осындай шешімді сейсенбі күні Жапонияның министрлер кабинеті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Фукусимадағы АЭС радиоактивті бөліктерінен тазартылған су теңізге құйылады

Агенттіктің мәліметінше, Жапония үкіметі аталған технологиялық процестің адам денсаулығы немесе қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейтінін нақтылап, «Фукусима-1» АЭС-тан тазартылған радиоактивті суды теңізге құю шешімін қабылдады.

Қазіргі кезде 1,25 млн тоннадан асатын тазартылған радиоактивті су «Фукусима-1» АЭС аумағындағы резервуарларда сақталып отыр. Суды тазарту процесі көптеген қауіпті радиоактивті заттарды жояды, бірақ тритийді қалдырады.

«Фукусима-1» АЭС-тағы апат 2011 жылдың 11 наурызында болған. Апат жер сілкінісі, одан кейін орын алған цунамиден кейін орын алды.