«Фукусимадан» таралған радиация Ресейге жетті
АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Жапонияның "Фукусима" АЭС-інің радиоактивті йодының жұғындылары сейсенбі күні Приморье аумағынан табылды,
деп хабарлайды РБК Приморье қоршаған ортаны қорғаудың гидрометеорология және мониторингі жөніндегі басқармасына ("Примгидромет") сілтеме жасап.
Гамма-спектрометриялогиялық талдаудың мәліметтері стансадан алынған ауаның бір тәулікті тексерілімінде 26-ынан 27-сі, 27-сінен 28-і және 28-інен 29-ыншы наурыз күндері йодтың 131 көрсеткішін айқындаған.
Бір қуаныштысы, оның концентрациясы рұқсат етілетін деңгейден 100 есе төмен.Сондықтан адам денсаулығына ешқандай зияны жоқ, қауіп төндірмейді. Қазіргі уақытта ауаның тәуліктік тексерімі 29-нан 30-ыншы наурызға жүргізілуде. Тексеру нәтижесі оны аяқтағаннан кейін бірден жарияланады.