Фукусиманың радиациялық сәулесі салдарынан дельфиндер жаппай қырылып жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теңіз биологтары жапондық Фукусима жағалауында 17 өлі дельфинді тапты. Олар радиациялық сәуленің салдарынан қырылды делініп отыр.
Жапондық ұлттық ғылым мұражайының қызметкерлері өлген фельфиндерге зерттеу жүргізді. Жануарлардан алынған сынамалар радиациялық сәуленің салдары жүрекке қан жеткізетін тамырлардың жұмысын бұзып, миокарданың тууына әкелгенін анықтады.
Зерттеушілер бұрын дельфиндерде мұндай проблема байқалмағанын атап өтті.