Футбол: 10-шы турдан кейін «Ақтөбе» мен «Локомотив» турнир кестесіндегі жағдайларын одан әрі жақсартты
АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Өткен жексенбіде футболдан Премьер-лига командалары арасында ел чемпионатының 10-шы тур ойындары өтті.
Бұл турда көш басындағы Ақтөбенің «Ақтөбе» және Астананың «Локомотив» командалары кезекті жеңістеріне қол жеткізіп, турнир кестесіндегі жағдайларын одан әрі жақсарта түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ақтөбе» өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдап 2:1 есебімен жеңіске жетсе, «Астана» Талдықорғанның «Жетісуынан» 1:0 есебімен басым түсті. Сөйтіп бұл командалар тиісінше 25 және 24 ұпаймен бірінші және екінші орындарға нық орнықты. Үшінші және төртінші орында тиісінше «Шахтер» (16 ұпай) мен «Жетісу» (14 ұпай) келеді. Бұл турдағы қалған кездесулердің нәтижелері мынадай: «Қазақмыс» (Сәтбаев) ? «Тобыл» (Қостанай) 0:1, «Қайсар» (Қызылорда) ?«Атырау» (Атырау) 1:1, «Ертіс» (Павлодар) -«Қызылжар» (Петропавл) 1:0, «Ордабасы» (Шымкент) ? «Восток» (Өскемен) 1:1, «Тараз» (Тараз) ? «Оқжетпес» (Көкшетау) 0:1.