Футбол: 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Уэльске барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы 26 сәуір күні Шымкентте оқу-жаттығу жиынына жиналды. Онда футболшылар Уэльсте өтетін Даму Кубогына дайындықты бастап кетті. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен хабарланды.

 Футбол: 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Уэльске барады

Айта кетейік, Даму Кубогының турниріне қазақстандық футболшылардан бөлек, Уэльс, Солтүстік Ирландия және Фарер аралдарының құрамалары қатысады. Бапкерлер құрамы оқу-жаттығу жиынына келесі футболшыларды шақырды:

Қақпашылар: Шалқар Ұлдана (БИІК СДЮШОР №7), Алмасбай Дана (Астана);

Қорғаушылар: Әнуар Әсем (БИІК СДЮШОР №7), Корякова Лариса (Тараз), Серікбай Айдана (Ақтөбе), Волкова Ольга (БИІК СДЮШОР №7), Флют Ангелина (БИІК СДЮШОР №7), Сайдолла Айсәуле (Астана);

Жартылай қорғаушылар: Орынбасарова Арайлым (БИІК СДЮШОР № 7), Тұрлыбекова Әселхан (БИІК СДЮШОР №7), Әмірбек Мәдина (БИІК СДЮШОР № 7), Низамутдинова Анастасия (БИІК СДЮШОР №7), Попкова Виктория (БИИК СДЮШОР №7), Смағұлова Аида (Астана), Ақбаева Рано (Ақтөбе), Серғали Інжумаржан (Ақтөбе), Жәутікова Айдана (Ақтөбе), Әділханова Карина (Семей);

Шабуылшылар: Колчина Екатерина (Алматы), Вахитова Светлана (БИІК СДЮШОР №7).

Айта кетерлігі, 5 мамыр күні Данияр Қайырбаев шәкірттері Фарер аралдарымен кездеседі. Ал 6 мамырда Солтүстік Ирландия және 8 мамырда алаң иелері Уэльс құрамасымен ойнайды.