Футбол: 2014 жылғы Әлем чемпионатының тұмары таңдалды

АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2014 жылы Бразилияда өтетін әлемдік мундиальдың тұмары анықталды.

Футбол: 2014 жылғы Әлем чемпионатының тұмары таңдалды

Бұл жайында «Аламан» спорт агенттігі хабарлап отыр.

Футболдан әлем чемпионатының тұмары болып броненос аңы таңдалды. Ал оның есімі арнайы дауыс беруден кейін белгілі болады. Броненос - Оңтүстік Америкада жойылып бара жатқан аң.

Естеріңізге сала  кетейік, осыған дейінгі әлем чемпионатының тұмары арыстан  Голео (2006, Германия) мен леопард Закуми (ОАР, 2010) болған.