ФУТБОЛ: 2016 жылғы Еуропа чемпионатының ашылу матчы «Стад де Франс» стадионында болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атақты француздық "Стад де Франс" стадионында 2016 жылғы Еуропа чемпионатының ашылу матчы және финалдық ойыны өтеді, деп хабарлайды "Р-Спорт" агентігі шетелдіқ БАҚ-қа сілтеме жасап.
None
None

Сондай-ақ осы стадион тағы бес матчты - төрт топтық кезеңдегі және бір ширек финалдық ойынды қабылдайды.

Айта кетер жайт, "Стад де Франста" 80 мың көрермен сияды.

Еске сала кетсек, 2016 жылғы Еуропа чемпионаты 10 маусым мен 10 шілде аралығында Францияда өтеді. Ал турнирге іріктеу сыны 2014 жылғы күзде басталады, деп жазады Vesti.kz.

Соңғы жаңалықтар