Футбол: 2018 жылғы әлем чемпионаты өтетін қалалар мәлім болды
АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2018 жылы болатын футболдан әлем чемпионаты өтетін қалалар мәлім болды,
деп хабарлады Лента.ру.
Әлем чемпионатын өткізуге үміткер болған 13 қаланың 11-і іріктеп алынды. Бұл тізімге Санкт-Петербор, Екатеринбор, Сочи, Казань, Төменгі Новгород, Самара, Дондағы Ростов, Калининград, Волгоград, Саранск және Мәскеу қалалары енді.
Қалаларды жариялауға арналған салтанатты шараға ФИФА президенті Йозеф Блаттер, Ресейдің спорт министрі Виталий Мутко қатысты.