14:52, 19 Сәуір 2014 | GMT +5
Футбол: 2022 жылғы әлем чемпионатын 2023 жылдың қысына шегеру ұсынылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Неміс футбол одағаның президенті Вольфганг Нирсбах Қатардағы әлем чемпионатын өткізу мерзімін 2022 жылдың жазынан 2023 жылдың қысына ауыстыруды ұсынды. Бұл жайында германиялық БАҚ хабарлады.
Бұдан бұрын Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясының (ФИФА) бас хатшысы Жером Вальке 2022 жылғы әлем біріншілігі маусым-шілде аралағында өткізілмейтінін мәлімдеген болатын. Өйткені, бұл кезеңде Қатарда күн 40 градусқа дейін ыстық болады.
«Егер де әлем чемпионаты 2022 жылдың қысында өткізілсе, онда ол Олимпиада ойындарымен тұспа-тұс келеді. Сондықтан да ФИФА басшылығы турнирді 2023 жылдың қысында өткізу мүмкіндігін қарастыруы тиіс», - дейді Нирсбах.