Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Футбол: 2024 жылғы Еуропа чемпионаты Германияда өтетін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатын өткізу орнын сайлау нәтижесі бойынша Түркиядан үш есе көп дауыс жинады, деп хабарлайды УЕФА-ның ресми сайты.

Футбол: 2024 жылғы Еуропа чемпионаты Германияда өтетін болды

Сайлау бейсенбіде Швейцариядағы Ньон қаласында  УЕФА атқару комитетінің  отырысында өтті.

Еске сала кетсек, Еуро-2024-ке Германия мен Түркия үміткер болатын.

Атқару комитетінің турнирді Германияда өткізуге 12 мүшесі, ал Түркияға 4-уі ғана дауыс берді. Біреуі қалыс қалды.